Орал қаласында қарақшылық орын алды

Орал қаласында қарақшылық орын алды

2020 жылдың 15 маусымында  Еуразия даңғылының бойындағы "№8 мектеп" автобус аялдамасының жанында белгісіз біреулер  пышақпен қорқытып, 1965 ж.т. азаматтың "Самсунг-Галакси а-10" маркалы ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен. Орал қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "ҮКІ" түнгі іздеу тобымен бірлесіп, осы қылмысты жасауға күдікті ретінде екі жас жігітті "ізін суытпай" ұстады. Тексеру кезінде біреуі 1997 ж.т., екіншісі 1998 ж.т., екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (қарақшылық).

БҚО ПД Баспасөз қызметі