В ЗКО совершено убийство

В ЗКО совершено убийство

Дарьян ауылында атыс қаруынан оқ атып, адам өлтірген облыс тұрғыны ұсталды.  Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 12.06.2020 ж. сағат 03:55 шамасында Бәйтерек ауданының Приурал Пб кезекші бөліміне Дарьян кентінде белгісіз тұлға Песочный және Тайманов көшелерінің қиылысында атыс қаруынан 1994 ж. т. «И» деген азаматқа оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Дабыл бойынша барлық жеке құрам көтеріліп, оқ атқан адам бірден ұсталды.  Бұл қылмысты жасаған 1983 ж.т.  Дарьян ауылының тұрғыны екен.  Оқ тиген азамат   қалалық көп салалы ауруханаға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін алмады. Ол алған дене жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Толығырақ ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

 БҚО ПД Баспасөз қызметі