
Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады. Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді.
Мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетуде.