Бала- біздің болашағымыз

Бала- біздің болашағымыз

Бала- біздің болашағымыз

«Өзіңнен баста" жасөспірімдердің жазғы уақытын ұйымдастыру жобасы аясында "Бала- біздің болашағымыз" атты қалалық семинар тренингі 2020 жылғы 10 маусымда, теңертеңгілік мезгілде басталды. Девиантты мінез- құлықты балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық өзара көмек және мейірімділік сезімдерін ояту, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес іскер топтардың күштерін біріктіру арқылы оқушыларды ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қолжеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу мақсатын ұстанған семинарға Орал қ.ПБ, Абай мен Шаған Пб- інің есебінде тұрған жасөспірімдер қатысты.

Тренигте алғаш сөз алған Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығының" директоры Шаттық Утебалиева аталмыш орталыққа 6 мыңға жуық бала келіп, шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық үйірмелерге белсене қатысатынын айтты. Сонымен қатар, бұл достық орталығы болғандықтан жасөспірімдерге еркіндік сыйлайық, дей келе, көпшілікті сөз таластырып, ой жарыстыруға шақырды. Әлеуметтік педагог, психолог, мектеп инспекторы, дәрігер сынды мамандарды және қалалық білім беру бөлімінің, қалалық оқушылар мен жастар сарайының өкілдерін, волонтерларды іс тәжірибе алмасуға үндеді.

Іс шара барысында жасөспірімдер екі топқа бөлініп, swot analis тренингі өтіп, психология бөлмесінде сауалнама жүргізілді, "Жетістікке алғашқы қадам", "Батыл бол" тақырыптарымен БҚО әкім аппаратының "Қоғамдық келісім" ҚКМ жанындағы "Достық" клубының, "Патриот" қоғамдық спорт клубының жетекшісі, спикер Талғат Чудобаев, облыстық жастар ресурсы орталығының басшысы, спикер Нұркен Мейірбек ақыл кеңес берді.

Жасөспірімдерге би залында брейк- данс биінің шебер жігіттері өнер көрсетті, жасөспірімдер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы шығарылды, мамандар өз бағаларын берді.

Соңынан жасөспірімдерге арналған тәтті шай дастарханы жайылып, үстел басында ересектер мен жеткіншектер еркін сөйлесті. Әр жасы кәмелетке толмағаннның ішкі ойы мұқият тыңдалды, олар армандарын айтып, сүйікті спорты туралы әңгімеледі.

  • Бұндай емен- жарқын кездесулерді алдағы күндері педагогтар мен тәртіп сақшылары бірлесіп ұйымдастыруға келісіп, өзге де бала тәрбиесіне жауапты құзырлы ұйым өкілдері шақырылатынын айтты.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі