Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады

Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады

       Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады.

       Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.

       Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

       Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.