Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Бүгінгі таңда мемелкеттік тілді білу – мемлекеттік тілдің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді. Жалпы тіл білетін қазақ намысшыл келетіні белгілі.  Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмейсің деп ешкім шетке итеріп жатқан жоқ, алайда қазіргі ғылым мен техниканың күннен-күнге қарыштап дамып жатқан уақытында үйренем деген ниеті барларға  жағдайдың қай-қайсысы  да жасалған.  Осы ретте өз тілінде сайрай алмай жүргендерге үлгі боларлық әріптестердің бары  - қуантарлық жайт.  «Қазақ тілі барша елді жұмылдыратын, біріктіретін күш болуы керек, елге Отанға деген құрмет мемлекеттік тілден басталуы тиіс» деген Елбасының сөзінің  жаны бар. Осы кезекте біз мемлекеттік тілде жатық сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін тілге тиек етпекпіз. Олардың басым көпшілігі қазақы ортада, жастайынан қазақтың салт-дәстүріне қанып өскендер. Батыс Қазақстан облысының  Полиция департаментінде де мұндай қазақ жеріне, мемлекеттік тілге құрметі бар патриоттар бар. Соңғы уақытта ортамызда қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің көбейгені - басты жетістігіміз. Бір қызығы олар қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдеріне таң қалудың қажеті жоқ деп есептейді. Олар жөнінде кезекті  мақалаларымыздың бірінде нақтырақ тоқталмақпыз.

 Әрине Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуі тиіс. Ал мұндай жетістікке Абай айтқандай ақыл мен еңбек жетелері сөзсіз.  Ұлты бөлек, ойы қазақ азаматтардың тілді меңгеруі үшін ең алдымен қажеттілік керек. Өйткені сол тілге күні түспесе оны үйрену де мүмкін емес. Сонымен қатар ниеттен бөлек, сол тілде көп ақпараттар алып, аудармалар жасаумен айналысу керек. Департаментте қызметтік қажеттілікке орай құжаттарын өздіктерінен мемлекеттік тілге аударып, редакциялық сараптаманың қорытындысы бойынша оң бағаланып,  әжептәуір жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қызметкерлеріміз бар. Сондай-ақ аталған санаттағы қызметкерлердің басым көпшілігі Полиция департаментінде  оқытылатын қазақ тілі курстарына қатысып, өздерінің жақсы тіл меңгеру деңгейлерін көрсетіп, курсты жақсы бағаға бітіріп шыққандар.  Мемлекеттік тілді «Менің тілім» деп шын жанашырға айналған тәртіп сақшыларының бұл құрметтері өзге әріптестеріне де үлгі боларлықтай әрекет екені сөзсіз.  Осы орайда, өз  тілін өгейсітіп жүрген кейбір қандастарымызға үлгі болатын мемлекеттік тілді жетік меңгерген отандастарымыз көбейе берсін деген ниеттеміз.

БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Г.Қарағойшиева