Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

Еліміз егемендік алғаннан кейін 1995 жылғы Ата заңымыздың 7-бабына сай «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Одан әрі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң» қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері, мемлекеттік тілге құрметпен қарау, әлбетте мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінің мәртебесі белгіленген болатын.

Заңда көзделген осындай ауқымды,  мемлекеттік маңызға ие  іс-шаралардың негізінде 2005 жылы Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер басқармасында Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі   (қазіргі БҚО Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі) құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына, облыс әкімдігінің қаулысына,  сондай-ақ БҚО Ішкі істер департаменті бастығының бұйрығына сәйкес жасақталып, 2005 жылдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан  бөлімнің негізігі міндеттерінің бастысы  –  ішкі істер органдарында Тіл туралы заңның және оның орындалуын реттейтін нормативтік актілердің  талаптарын орындау, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау, қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыратын шаралар ұйымдастыру, айналымдағы құжаттарға редакциялық сараптама жасау, жалпы ішкі істер органында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Бөлімде 8 қызметкер жұмыс жасайды. Бөлім қызметкерлері осы уақытқа дейін аталған іс-шараларды абыроймен атқарып, мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына үлестерін қосып келеді.

Айтып өткен мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына мемлекет тарапынан жан-жақты жағдайлар жасалуда.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  бойынша жүзеге асырады. Жоспар аясында алдағы міндет - латын графикасына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарына дайындық. Бұл маңызды міндеттің ауыртпалығын да Батыс Қазақстан облысының  Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері жұмыла көтеріп жеңілдетері сөзсіз.

БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

Г.Қарағойшиева