
Бүгін 25 мамыр күні таңғы сағат 05.26-да Алматы қаласында мас күйіндегі автокөлік жүргізушісі, №4 тосқауыл бекетке келіп соғылып, кейін Алматы қаласының ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы және полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы салонында отырған патрульдік автокөлікке келіп соқтығысқан. Аталған жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттарынан екі әріптесіміз көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы - 1978 жылы дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысының тумасы,
ішкі істер органдарына 2001 жылы қызметке орналасқан. Үйленген, екі қыздың әкесі.
Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы – 1994 жылы дүниеге келген, Алматы қаласының тумасы. Ішкі істер органдарына 2016 жылы қызметке орналасқан. Үйленген, 1 айлық қызы бар.
БҚО ПД баспасөз қызметі