Жоғары марапат

Жоғары марапат

Батыс Қазақстан облысы Полиция депратаментінің қызметкері Меденова (Серикова) Шолпан мінсіз қызметі мен көрсеткен батырлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қайсар қыз іздестірілуде жүрген қылмыскерді жалғыз өзі ұстап, Президенттік марапатқа ие болған Қазақстандағы бірінші әйел қызметкер атанды. Шаған полиция бөлімінің тергеушісі Ш.Меденова туралы алғаш ақпарат ол жұмысқа бара жатырған кезде жалғыз өзі ұрыны ұстағаны белгілі болғанан кейін кеңінен тарай бастады.

Шолпан ұрын автобуста байқап қалған. Бұл қылмыскер бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын жасағаны үшін іздестірілуде жүрген екен. Полиция аға лейтенанты Ш.Меденова қылмыскердің қозғылысын бақылай отырып, Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлеріне хабар берген. Қылмыскер автобустан шықпақшы болған уақытта Шолпан оны құрықтап, келіп жеткен криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Ш.Меденова аяғының ауырлығына қарамастан бірнеше қылмыс жасап, іздестірілуде жүрген қауіпті қылмыскерді бір өзі ұстауға батылы жетіп, өз ісіне адал екенін көрсетті. Шолпан өзі туралы ақпараттың интернет желісінде кең тарап кеткеніне қаңқалып, оның іс әрекетті осынша назарға ие болады деп ойламаған. Оның өзі бұл жағдай туралы соншалықты үлкен іс жасамаған, жай ғана өз қызметін орындаған деген ойда екен.

Полиция қатарында қызмет етуді Шолпан бала күнінен армандаған. Оның әкесі Утешев Руслан Серікұлы ІІО ардагері бар еңбек жолын қылмыспен күрес ісіне арнап, құрметті еңбек демалысына учаскелік полиция инспекторы лауазымынан шыққан.

Шолпан өзінің бала күнгі арманын орындау мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы акадеамиясына оқуға түсіп, оқуын аяқтаған соң Шаған полиция бөліміне тергеуші лауазымына тағайындалған. Сырт көзге қарағанда қарапайым әрі сабырлы қыз күрделі қылмыстық істерді оңай аша біледі. Сондай-ақ бұндай бар назары мен күш-жігерін және қатаң тәртіпті талап ететін жұмысына қарамастан батыр қыз жақсы жар және жақын арада ана атанады. Шолпанның жолдасы да полиция қызметкері, сондықтан оның жұмысына түсіністікпен қарап, оны үнемі қолдап отырады.

БҚО ПД ІСКб