
Отбасы мерекесіне орай «Отбасы – ұлттың құндылығы» атты отбасылық іс-шара өткізілді. Полиция департаментінің бөліністерінде қызмет атқаратын қызметкерлер отбасыларымен қатысты.
Отбасы құндылықтарымен отбасы мәртебесін арттыруға байланысты тақырыптық кездесуге Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Жалғасов Нұрмахан Тоғайбайұлы, Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Сағын Қадыржан Ерсайынұлы; депутат, қоғам белсендісі Туркина Айгүл Серікқызы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, композиторлар одағының мүшесі Сүлейменов Әділбек Насекенұлы және ішкі істер органдарының ардагері, отбасылық полиция династиясы, отставкідегі полиция подполковнигі Мановицкий Сергей Алексеевич қатысты.
Отбасы күніне арналған тақырыптық кездесудің басты мақсаты отбасы құндылықтарын ілгерілетуге және некенің оң имиджін қалыптастыруға, отбасы мәртебесін арттыруға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал етуге бағытталған.
Іс-шара соңында БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрмахан Тоғайбайұлы Полицей отбасыларын атаулы мерекемен құттықтап, отбасыларды алғыс хатпен марапаттады.