
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ-2023» акциясы аясында «Еуразия» қосымша білім беру орталығы мен «Самал» туристік лагерінде жазғы демалыста демалып жүрген балалармен кездесті. Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және ұлттық тәрбие беру.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Жедел криминалистикалық бөлімімен және кинологиялық қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып, балаларға танымдық сабақтарын өткізді. Онда қызметтік иттерді үйрету тәсілдері туралы әңгімелеп, қылмыскерді ұстау, тыйым салынған заттарды тәркілеп, сондай-ақ, оқиға орнынан саусақ іздері қалай алынатынын көрсетті.
Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сақтық шараларды сақтау қажеттілігі туралы ескертті.