
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ағымдағы жылдың 17 шілдесінде БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі қылмысымен айналысқан Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Санкцияланған тексеру жұмыстарын жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінде арнайы фитодәрілік зертхана ретінде жабдықтаған жасырын бөлме табылды. Бөлменің қабырғалары пластик фольгамен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері орнатылған, градустық аспаптары бар ауа дымқылдатқышы орнатылған.
Полиция қызметкерлері бөлмені тінту кезінде 127 түп қарасораға ұқсас өсімдіктер және өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштарды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі заттар «қарасора» есірткі түрі екені анықталды, жалпы салмағы 2 кг. 186 гр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.