Орал қаласында жаяу жүргіншілерді шақыру құрылғысы бар екі бағдаршам қойылды

Орал қаласында жаяу жүргіншілерді шақыру құрылғысы бар екі бағдаршам қойылды

2019-2021 жылдарға арналған жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру аясында Еуразия даңғылы бойындағы «Ғылыми-техникалық кітапхана аялдамасы» мен Гагарин көшесіндегі №22 ЖББОМ-ге қарсы  реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерді шақыру құрылғысы бар бағдаршамдар қойылды.
         Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде пайдалануға берілетін болады.
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  осы аудандарда орналасқан жасанды жол өткелдері жаяу жүргіншілер бағдаршам қосу үшін сигнал беру батырмаларын пайдалануға әбден дағдыланғанша жұмыс істей береді.
         Осыған байланысты полиция қызметі жүргізушілерді көрсетілген жол учаскелерімен жүру кезінде ерекше назар аударуға және жаяу жүргіншілерге өте сақ болуға шақырады. Сондай-ақ аталған аудандардың тұрғындарына балаларына бағдаршамды пайдалану ережелерін түсіндіріп, жол қауіпсіздігін сақтау ержелерін түсіндірулері сұралады.  

 БҚО ПД баспасөз қызметі