
Сәуірдің 4 күні Үлкен Шаған ауылының маңындағы орман алқабынан өртенген «Фольксваген Джетта» маркалы автокөлігінің қаңқасы табылған болатын. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде VIN коды бойынша 1972 ж.т. автокөлік иесі анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы наурыздың 25-інен 26-сына қараған түні белгісіз себептермен 1972ж.т. ер адамның (автокөлік иесі) және 1974ж.т. әйел адамның (азаматтық некедегі әйелі) жоғалғаны анықталды. Алайда олардың жоғалғаны жөнінде полицияға ешбір туысы мен таныстары жүгінбеген.
Осыған байланысты БҚО ПД Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 14 сәуір күні аса ауыр қылмыс жасаған 1977 ж.т. және 1993ж.т. Орал қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды.