
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы автоматты жүйелерде тіркелген бұзушылықтарға жүргізілген мониторинг барысында "Toyota Estima"екі автомашинасында Армения Республикасының бірдей мемлекеттік нөмірін пайдалану фактісін анықтады.
Екі көлікте арнайы тұраққа қойылды. Анықтау барысында екі жүргізушінің де сақтандыру полисін сатып алмағаны анықталды, сонымен қатар олардың біреуі бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, бұл ретте аталған автокөліктерде жылдамдық режимін бұзудың 7 фактісі жіберілген, осыған байланысты екі жүргізуші де ӘҚБтК-нің 592, 612-бабы 4, 230-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, айыппұлдың жалпы сомасы 310 мың 500 теңгені құрады.
Сонымен қатар, аталған нөмірлердің түпнұсқалығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Полицейлер тәркіленген нөмірлердің жалған екенін жоққа шығармайды, өйткені ұсталған автомашиналарды тіркеу туралы куәліктерде сол нөмір көрсетілген, олардың біреуінде нөмірі сол паспортта көрсетілгенге сәйкес келмейді.
- Екі жүргізуші де бұрын аталған нөмірлері мен құжаттары бар автокөліктерді сатып алған деп мәлімдейді, бірақ олар түпнұсқалығын тексерген жоқ. Бүгінгі күні алынған нөмірлер мен құжаттардың түпнұсқалығын тексеру үшін тиісті тексеру тағайындалды. Автокөліктерді сатып алу кезінде мұндай жағдайға тап болмас үшін нөмірлер мен құжаттарды мұқият тексеру қажет, - деп БҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары
полиция майоры Олжас Ибрайымов шетелдік тіркеуі бар көлік иелеріне өз көліктерін заңдастыруды кешіктірмеуге кеңес берді.