БҚО-да полицейлер сегіз заңсыз мигрантты ұстады

БҚО-да полицейлер сегіз заңсыз мигрантты ұстады

Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Түркия азаматтары көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.
22 ақпанда Ақсай қаласындағы жеке үйлердің бірінде тіркелмеген және визасы жоқ 8 Түркия азаматы анықталды. Шетелдіктер өздерінің бұрынғы жерлесіне қонаққа келгендерін түсіндірді. Жол берілген бұзушылық үшін барлық азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы). Әкімшілік материал бойынша шешімді Бөрлі ауданының әкімшілік соты қабылдайды. Тұрғын үй берген қабылдаушы тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).