Тіл тақырыбы баршаға ортақ

Тіл тақырыбы баршаға ортақ

Ағымдағы жылғы маусым-тамыз айларында Батыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес облыс тұрғындарына мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін меңгерту мақсатында мемлекеттік (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлер) және ағылшын тілдерін (Beginner, Elementary, Lower Intermediate, Upper Intermediate, Advanced, Very Advanced) оқыту курстары ұйымдастырылды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламамен жыл сайын жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл жолы дәстүрге айналған мемлекеттік тіл және ағылшын тілін үйрену курсына тіл үйренуге деген қызуғшылықпен 2 топ қатысып, өз білімдерін жетілдірді. Салмақты сұранысқа ие жаһандану тілін үйрене отырып көшті жылжытсақ, мемлекеттік тілді меңгеру -әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті боп қала бермек.
Мемлекеттік тіл алдымен мемлекеттік басқару жүйесінде мәртебе алады. Сондықтан тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің тілді жетік меңгеруін міндеттеп отыр. Бұл жауапкершілікті департаменттегі әрбір қызметкер жете түсінеді. «Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңына» сәйкес мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс-қағаздарын жүргізу тілі болып табылады. Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру. Бұл бағыт та департаментте бір ізге түскен. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтату жолындағы осы игі істердің барлығы туған тіліміздің болашағын айқындай түседі.
Департаментте мемлекеттік бағдарламамен көзделген жұмыстар әлі де жалғасуда.