"Борышкер" жедел-профилактика іс шарасы

"Борышкер" жедел-профилактика іс шарасы

Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ біздің облыс жолдарында көлік тәртібін арттыру мақсатында 1-31 желтоқсан аралығында "Борышкер" жедел-профилактика іс шарасы өткізіледі.
Жедел-профилактикалық іс шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша төленбеген айыппұлдарды өндіріп алу шаралары қабылданады, айыппұлдарды өрескел төлемеген көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалатын болады.
Сізден аталған іс шараға түсіністікпен қарауды және қолда бар айыппұлдарды уақтылы төлеуді сұраймыз.