Тәртіп сақшылары үш күнде он тоғыз мас жүргізушіні ұстады.

Тәртіп сақшылары үш күнде он тоғыз мас жүргізушіні  ұстады.

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге және алдын алу, жол-қозғалысы ережелері бұзушылықтарын анықтауға бағытталған 4-6 қараша аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Аталған дата аралығында 953 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде -19 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізіп, ҚР ӘҚБтК 608 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2 бөлігі бойынша жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлікті тізгіндеген -18 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ 9 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген бойымен жүріп өтіп, жол ережелерін бұзған. Олар ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.