
Полицейлер көлікті есірткіден мас күйінде басқарған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Тәртіп бұзған жүргізуші Есенжанов пен Конкин көшелерінің қиылысында ұсталды.
– Ұсталған жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан 8 жыл мерзімге айырылған болатын. Бірақ соған қарамастан рульге қайта отырған. Сараптама қорытындысына сәйкес ол каннабиноидтарды (трамадол) пайдаланудан туындаған есірткіден мас күйінде болған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Басқару құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы). Осы баптың санкциялары бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді, үлкен айыппұлдарды және жүргізуші куәлігінен өмір бойы айыруды көздейді.