
БҚО полиция қызметкерлері мейрамхана кешеніне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты
Қаңтардың 4 күні сағат шамамен 03:25 кезінде Бөрлі ауданы Пб кезекші бөліміне «Алтын шатыр» мейрамхана кешеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетіп, Бөрлі ауданы Пб жеке құрамына бағдар беріледі.
Тексеру кезінде белгісіз екеу беттеріне бетперде киіп «Алтын Шатыр» мейрамхана кешеніне еніп, 1963ж.т. күзетшіні балтамен қорқытып, мейрамхананы ашуын талап етеді. Кейін оның қол-аяғын байлап күзетшілер отыратын будкаға қалдырып кетеді. Кейін ішке еніп, кассадан ішінде 4млн. 300 мың теңге және 1990ж.т. кәсіпкерге тиесілі құжаттары бар 2 металл сейфін алып, оқиға орнынан қашып үлгереді.
Сол уақытта күзетші қол-аяғын босатып, бірден мейрамхана кешенінің менеджеріне хабарласып, болған жайттың бәрін айтады, кейін әйел полиция қызметіне хабарласады.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне түседі.
Кезекшілік тәулік ішінде «оқиға ізін суыптай» қылмыс ашылып, күдіктілер қолға түсті.
Аталған қылмысқа қатысы бар төрт күдікті анықталып, ұсталды. Олардың Ақсай қаласының 1989 және 1990 ж.т. тұрғындары екені белгілі болды. Олардан ұрланған ақшалар мен қылмыс қаруы тәркіленді. Ұстау кезінде қылмыскерлер ақшаны өзара бөліп үлгергені анықталды. Сондай-ақ, олар сейфті қайда лақтырып кеткендерін де көрсетті. Заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іске тігілді.
Ұрланған ақша толықтай тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ, олар ресейлік есептегі «Ваз 21150» маркілі автөкөлікпен қозғалғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК-нің 192-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екі күдікті Бөрлі ауданы Пб уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Барлық күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.
БҚО ПД баспасөз қызметі