
Ағымдағы жылы қаңтардың 13 күні сағат шамамен 22:30 кезінде Жәнібек ауылында Ғ.Қараш және Ихсанов көшелерінің қиылысында Жәнібек ауданы Пб полиция қызметкерлері 1984ж.т. жүргізушінің басқаруындағы ресейлік есептегі «ВАЗ-21099» маркілі автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде ол жүргізуші құқығынан айрылса да рөлге мас күс күйі жағдайында отырған. Мұны сараптама да растап отыр.
Автокөлікті тексеру кезінде автокөліктен спирт ішімдіктерінің бос бөтелкелері табылды.
Аталған құқық бұзушылық үшін ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру ) қылмыстық жауапқа тартылды және Жәнібек аудандық сотының үкімімен оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру немесе көлік құралдарын өмір бойы айдау құқығынан айыру жазасы қолданылды.
Айта кету керек, аталған азамат 2017 жылы үш жылға көлік құралын айдау құқығынан айырылған болатын, алайда осыған қарамастан қылмыстық құқықбұзушылықты қайталап отыр.
БҚО Полиция департаментінің Тергеу басқармасында ағымдағы жылдың алғашқы айында полиция қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырылғанымен мас күйінде басқарған 24 жүргізушіні ұстады, оның 13-і Орал қаласының аумағында ұсталған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енген еді.
БҚО ПД баспасөз қызметі