Авиациялық жарылғыш затқа ұқсас снаряд

Авиациялық жарылғыш затқа ұқсас снаряд

Авиациялық жарылғыш затқа ұқсас снаряд
Қаңтардың 26-сы күні Казталов ауданының кезекші бөліміне ауыл тұрғыны «Қазақия» ЖШС қорықшысы Қараөзен ауылдың округі Жас ауылынынан 3 шақырым қашықтықта «Сарышанақ» қыстағының аумағында далалық аймақта авиациялық жарығыш затқа ұқсас снаряд тапқаны туралы хабар береді. Снарядтың ұзындығы – 150см, диаметрі – 40 см.
Сондай-ақ, Казталов аудандық полиция қызметкерлері аталған жарылғышты және айналаны тексеру барысында дәл осындай тағы бір снаряд тапты. Ұзындығы мен диаметрі де бірдей.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, полиция қатарынан қоршау қойылды.
Снарядтар арнайы саперлар мен мамандардың көмегімен жойылатын болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі