
Ағымдағы жылдың 21 маусым күні "Қарасора" Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО полиция Департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында 48 жастағы тұрғынынан тұрғылықты жері бойынша (үйдің ауласынан) 427 түп культивацияланған сора, суаратын шланг, темекі шегуге арналған құрылғы тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.