Психотроптық зат тәркіленді

Психотроптық зат тәркіленді

Ағымдағы жылдың 5-ші сәуірінде сағат 16.40 шамасында Абай даңғылы бойында 1995 ж.т. "С" есімді азамат ұсталды, одан ақшыл қоңыр түсті ұнтақ заты бар 9 дана көлеміндегі түйіншектер табылды және тәркіленді. Сонымен қатар азамат "С", осыған ұқсас 15 түйіншек тәркіленген бұрын қалдырылған «закладка» орнын көрсетті. 16.04.2022 жылғы сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 18,68 грамм зат психотроптық зат пировалерон болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі(есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.