Ұрланған велосипедпен алысқа бармайсын

Ұрланған велосипедпен алысқа бармайсын

БҚО полицейлері өткен жылдан бері велосипед ұрлаған Орал қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат бұрын жасалған тағы үш велосипед ұрлығы бойынша қылмысын мойындады.

Тергеу жалғасуда және бұл істе ұсталған адамның азаматтық әйелі өткен жылдан бастап күйеуі 25-ке жуық велосипед ұрлап, сатқаның мәлімдеді. Полиция департаментінде велосипед ұрысының көп эпизодты ісінің егжей-тегжейлері ашылды.

- Велосипед ұрланған сәт көп пәтерлі үйлердің бірінің кіреберісінде орнатылған сыртқы бақылау бейнекамераларында тіркелген.  1997 жылғы ұсталған «К» есімді  азамат  өз кінәсін мойындады және бұрын тағы үш велосипед ұрлығын жасағанын да  мойындады. Бір велосипед ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тәркіленді. Жедел іс-шаралар барысында ұрланған велосипедтерді сатып алушыға шығуға мүмкіндік болды, одан тағы үш велосипед тәркіленді, оны сатып алушы көрсеткендей, ұсталған адам оған бұрын сатқан. Сатып алушыдан барлығы сегіз велосипед тәркіленді, төртеуі бойынша иелері анықталды, тағы төртеуіне қатысты азаматтардың өтініштері бойынша тексерулер жүргізілуде. Сондай-ақ қылмыстың ашылуына ынтымақтасқан,  азаматпен бірге тұратын азаматтық некедегі әйелі ұсталды. Ол 2021 жылдың шілдесінен бастап күйеуі 25 велосипед ұрлағанын айтты, – деп түсіндірді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері полиция майоры Дариға Мажитова.

Сондай-ақ Полиция департаментінің өкілі  ұсталған азамат "К" велосипедтерді  кіреберістердегі батареяларға бекітілген велокілтін кесу арқылы ұрлағандығын айтты.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әдетте, жылы мезгілдің басталуымен велосипед ұрлықтарының саны күрт артады. Полиция департаменті велосипедті көшеде қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер сіз дүкенге бір минутқа барсаңыз да, бұл уақыт сіздің мүлкіңізді ұрлауға жеткілікті. Сондай-ақ велосипедтерді үйлердің аулаларындағы баспалдақ, балалар және ойын алаңдарында қалдыруға болмайды.