
Зашаған ауданында белгісіз тұлға Көктем көшесіндегі үйде еркін түрде тұрмыстық техникаларды ұрлап кеткен. Өз үйінде тұрмыстық техниканың жоқтығын байқаған ер адам дереу полицияға хабарлаған. Ал ұры оның әйелі болып шыққан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.