
23.04.22 ж.сағат 12: 25-те "Бекіре" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында "Орал-Атырау" тас жолында 1994 жылғы "С" есімді азаматтың басқаруындағы "Газель" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Ол 65 қап балықты тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу)бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.