Жатын бөлмеден алтын бұйымдар ұрлады

Жатын бөлмеден алтын бұйымдар ұрлады

Ақсай қаласында көп пәтерлі үйлердің бірінен әшекей бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оның тарапына қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші тарапына келтірілген шығым көлемі 800 000 теңгені құрады.
Оқиға Ақсай қаласындағы 4 шағын ауданында орын алған. Күдікті жатын бөлмедегі сөреден асыл тасты бұйымдарды қолды қылған. Жедел іздестіру шаралары барысында 1999 жылғы күдікті ұсталды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.