
Мас жүргізуші жауапкершіліктен құтыламын деп әкімшіліктен басқа, пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оқиға 28.04.22 ж. сағат 18.10-да Әбілқайыр хан даңғылы мен Циолковский көшесінің қиылысында 1981ж. т., З азамат басқарған "Chevrolet Tracker" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Ол Орал қ. ПБ ППБ қызметкеріне 5 000 теңге сомасында пара ұсынды. Полиция қызметкері парадан бас тартып, ал пара берушіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті лауазымды адамға пара беру қылмыстық жазаланатын іс-әрекет екенін ескертеді.