
Ағымдағы жылдың 17 наурызында сағат 13:45 шамасында Ақсай қаласында Сырым Датов көшесінде орналасқан дүкеннің қосалқы бөлмесінде 1979 жылғы туылған "Б" есімді азамат ұсталды. "Б" азаматынан синтетикалық затты сатқаны үшін (сарапшының 15.03.22 ж.қорытындысы бойынша жалпы салмағы 0,38 грамм болатын Альфа-пирролидиновалерофенон болып табылады) джинсы қалтасынан жеке тінту кезінде ерекше иісі бар 4 түйір ұнтақ зат табылып тәркіленген. Жұмыс орны бойынша тінту жүргізу кезінде "Б" есімді азаматтың дүкеннің қосалқы бөлмесінен 48-түйір, 2 пакет және ұнтақ тәрізді заттар бар 3 пластикалық ыдыс, сондай-ақ 39-түйір, ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік тектес заттар бар 1 шыны ыдыс табылып тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде көгілдір түсті 4 таблетка табылды және алынды. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді заңсыз өткізу)бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар 19.03.22 ж. сағат 19.30 шамасында Д.Нұрпейісова көшесіндегі үйдің жанында 1976 жылы туылған "Ч" есімді азамат ұсталды. Азаматтан сыйымдылығы 1 литр және 1 литр пластикалық бөтелке және сыйымдылығы 1,5 литр, ашық қоңыр түсті заты бар 3 пластикалық бөтелке табылған полиэтилен пакеті тәркіленді.
Сондай-ақ 21.03.22 ж. сағат 21.05 шамасында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 1975 жылы туған "П" азаматының тұрғылықты жері бойынша Саратовская көшесіндегі пәтерде тінту жүргізу кезінде сыйымдылығы 3,5 литр, қоңыр түсті заттың құрғақ қалдығы, ерекше иісі бар металл табақ, сыйымдылығы 10 текше болатын он пайдаланылған медициналық шприц табылды және алынды, сонымен қатар қызыл-қоңыр түсті сұйықтық қалдықтарымен, 12 бөтелке 0,5 л., қызыл-қоңыр түсті сұйықтықпен, ерекше иісі бар, 2 кг мөлшерінде көкнәр тұқымының қалдықтары, ерекше өткір иісі бар заттар табылып тәркіленді. Тәркіленген заттар БҚО бойынша сот сараптамасына жіберілді. Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу)бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.