"Чапаев - Жалпақтал-Казталовка" тас жолында жан түршігерлік жол апаты орын алды

"Чапаев - Жалпақтал-Казталовка" тас жолында жан түршігерлік жол апаты орын алды

Жолда абай болыңыз. Жол ережелерін қатаң сақтауды естен шығармаңыз. Ағымдағы жылдың 31ші қаңтарында сағат 13:05 - те Чапаев - Жалпақтал-Казталовка тас жолының 13 км шақырымында "ВАЗ-2107" автокөлігімен "Тойота Камри" маркалы автокөлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 1995 ж.т. "Ваз 2107" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы (мәліметтер нақтылануда) оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен 3 адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.