Абырой,қызмет,міндет

Абырой,қызмет,міндет

    Бүгін ҚР ІІМ жүйесінде қылмыстық іздестіру бөлімшелерінің құрылғанына 103 жыл толды. Қылмыстық іздестіру-жетекші қызметтердің бірі, оперативті мамандық – аты аңызға айналған және аса маңызды қызмет.

    Бөрлі аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е.Аманғалиев қызмет өкілдерін құттықтап,жылы лебізін білдірді.
   - Күн сайын, сағат сайын, жеке уақытпен санаспай, қылмыс пен күрестің алдыңғы шебінде жүріп, өз өмірлеріңізді қызмет жолында сарп етіп келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,күш-қуат, амандық және қызметте табыс тілеймін.

    Сондай-ақ, ол қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, әріптестеріне адал қызметі үшін алғысын айтты.
    Қылмыстық іздестірудің үздік қызметкерлеріне, сондай-ақ ардагерлерге құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызмет ардагерлері жас оперативтерді қолдағаны, қызметтің үздік дәстүрлерін сақтауға және көбейтуге көмектескені үшін жеке ризашылықтарын білдірді.