
2021 жылғы 02 қазанда Теректі ауданының полиция бөлімінде саптық байқау өтті. Саптық байқау барысында полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нурлан Рамазанов Балтабайұлы азаматтармен ынтымақты жұмыс жүргізіп, көптің көз алдында жүретін полиция қызметкерлерінің сыртқы түр сипатының қалыпты, жарасымды, талаптарға сай болуын баяндады. Одан әрі жеке құрамның сыртқы түр сипатын, үлгілік киімдерін, қызметтік куәліктерін тексерді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жол жүру ережелерінің бұзылмауын басты назарда полиция қызметкерлері айырым белгілерінің де талапқа сай болуын бір сүзіп өтті.
Тұрғындармен ілтипатты сөйлесу, мәдениеттілік таныту, қоғамдық ортада азаматтармен сыпайы қарым- қатынас орнату ережелеріне мән берулері де пысықталды.
Саптық байқауда Нурлан Балтабайұлы жеке құрам тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, жеке бас тәртібінің бұзылмауын шегелеп айтты.