Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 138 қылмыс тіркелді

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 138 қылмыс тіркелді

    Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 138 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 72-сі ашылды. Оның ашылу деңгейі 52,1%-ті құрады.
  Соның ішінде:
  -27 ауыр қылмыстың 14-і ашылды. Ашылу көрсеткіші 51,8%-ті құрады.
   Қылмыстың түрлеріне тоқтала кетсем:
   Тіркелген қылмыстың түрлері бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру-1, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру-2, қорқыту-1, көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу-1, көлікті ұрлап айдап кету-2, бұзақылық-4, есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау-3, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық-1, жалған құжаттарды дайындау-2, өзінше билік ету–2 аталған қылмыстың барлығы дерлік ашылды.
   Сонымен қатар:
  -32 алаяқтықтың 17-сі (53,1%)
  -6 тонаудың 3-еуі (50,0%)
  -Жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 52 фактісі тіркеліп, оның 18-і (34,6%) кезекші тәулікте ашылды.

   Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.
   Ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 940 қылмыс ашылды..

  Жол қауіпсіздігі бойынша
  Облыс бойынша есепке алынатын 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 5 адам дене жарақатын алса. 2 адам қайтыс болды.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сыртқы бейнебақылау камераларының рөлі
Ағымдағы жылдың басынан Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі санаттағы барлығы 94 378 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде: 3 285 факті қылмысқа қатысты.
Өткен аптада Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының сыртқы бейне бақылау камераларының 264 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде: 42 ұсақ бұзақылық, 28 қоғамдық орындарда ішімдік ішу, 188 жолда жүру ережелерін бұзу,6 өзге де құқықбұзушылықтар анықталды.
Естеріңізге сала кетейін,ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан аумағында 5 066 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 3 106-сы ашылды. Оның ашылу деңгейі 61,3%-ті құрады.
- 32 аса ауыр қылмыстың 31-і (96,8%) ашылды.
- 942 ауыр қылмыстың 604-і (64,1%) ашылды.