БҚО полицейлері пәтер ұрлығын ашты

БҚО полицейлері пәтер ұрлығын ашты

    Оралда белгісіз адам Деркөл кентіндегі Дарын көшесінде орналасқан үйдің пәтерінен плазмалық теледидар, бұрағыш, тегістеуіш, алтын сақинасын жасырын ұрлап кеткен. Шығын сомасы 300 000 теңгені құрады. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.
   2021 жылғы 1 тамызда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейінгі кезеңде белгісіз тұлға Атамекен көшесінде еркін түрде 1981ж.т., азаматқа тиесілі ұялы телефонын ұрлап кеткен. Шығын соммасы 52 500 теңгені құрады. Қабылданған шаралар бойынша 1982ж. т., У есімді азамат анықталып,ұсталды.
     Сондай-ақ 2021ж 21 тамыз күні сағат 17.00-де белгісіз азамат Матросов көшесінің ауласында автокөліктен еркін қол жеткізу арқылы Ішінде қара түсті әмиян, ақша қаражаты, банкомат карталары мен құжаттары бар барсетканы ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында БҚО ПД қызметкерлері 1981 ж. т.,К есімді азаматты ұстады. Ұрланған зат тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1 және 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.