
БҚО аумағында ағымдағы жылдың 7-16 қыркүйек аралығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізілуде.
Алты күннің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 700-ден астам фактісі анықталған. Сондай –ақ жол 323 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда, осылайша өз өмірлеріне, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруде. Мәселен, мас күйінде көлік құралын жүргізу бойынша 58 факті анықталды. Оның ішінде бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған 9 жүргізуші анықталды.
БҚО ПД жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.