
2021 жылғы 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:08 шамасында Назарбаев даңғылының бойында төбелес орын алғаны туралы полицияға белгісіз азаматтан хабар түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, 25-30 жас шамасындағы белгісіз азаматтың денесін тапты. Кейіннен оның 1992 ж.т. БҚО тұрғыны екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда орын алған аса ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Егер аталған қылмыстың куәгері болсаңыз Абай полиция бөліміне не болмаса 102 номері бойынша ақпарат беруіңіз сұралады. Ақпараттың құпиялылығына Полиция департаменті кепілдік береді.