Оралда екі адам қоймаларға қарақшылық шабуыл жасады. Қазіргі уақытта екі айыпталушы анықталып, ұсталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыс 2 тамыз күні түнгі уақытта екі белгісіз адам (көзге арналған саңылаулары бар бетперде киіп, қара киім киген) Вокзальная көшесінде орналасқан қоймалардың аумағына заңсыз кіріп, 1965 ж.т., күзетшіге дене жарақатын салып, ЖШС-ға тиесілі 4 млн 550 мың теңге ақшалай қаражатты иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орал қаласының "В" есімді сондай-ақ Атырау облысының "Т" есімді тұрғыны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды "Қарақышылық"