Мас жүргізуші пара бергені үшін ұсталды

Мас жүргізуші пара бергені үшін ұсталды

Полиция қызметкерлері Орал қаласының пара ұсынбақ болған тұрғынын ұстады. Ол мәселесін оңай жолмен шешуге тырысқанымен, енді екі бап бойынша жауапқа тартылатын болады.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “М” есімді жүргізушінің тізгініндегі автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші мас күйінде болған және ол жауапкершіліктен құтылу үшін полицейлерге 5000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.(пара беру), сондай-ақ жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы) бойынша хаттама жасалды.