
Оқиға 22 тамыз күні сағат 06.30-да Орал-Атырау жолында болды. Аталмыш жолдың 224-шақырымында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында «Фольксваген Пассат» көлігі тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Соның салдарынан жеңіл көліктің 1951 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.