
БҚО ПД КПБ қызметкерлері Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро ҚБ БҚФ-мен бірлесіп "Атамекен” Одтжсо-да" “Адам саудасын бірге тоқтатайық” тақырыбы аясында кәмелетке толмағандармен кездесу өткізді.
Бұл іс-шара 30 шілдеде атап өтетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткізілуде. Акцияның мақсаты- халықтың, оның ішінде балалардың азаматтардың бостандыққа құқықтары туралы ақпараттатпен қамтамасыз ету, осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, балалардың адам саудасының оңай олжасына айналу қаупі бар. Бұған жол бермеу үшін полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында полиция қызметкерлері балаларға олардың құқықтарын түсіндіріп, адам саудасының құрбаны болмау жолдарын айтты. Шара соңында полицейлер жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, жадынамалар таратты.