Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 112 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 71-і ашылды.

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 112 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 71-і ашылды.

   Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 112 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 71-і ашылды. Оның ашылу көрсеткіші 63,3%-ті құрады.
Соның ішінде:
24 ауыр қылмыстың 18-і ашылды. Ашылу көрсеткіші 75%-ті құрады.

  Қылмыстың түрлеріне тоқтала кетсек:
Тіркелген қылмыс түрлері бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру-2, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру-1, тонау-2, бопсалау-1, контрабанда-2, қаруды, оқ - дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрудің –1 аталған қылмыстың барлығы дерлік ашылды.

     Сонымен қатар:
11 алаяқтықтың 4-уі (36,3%) ашылды.
   Жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 46 фактісі тіркеліп, оның 19-ы (41,3%) кезекші тәулікте ашылды.

  Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.

  Ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 628 қылмыс ашылды.
             Жол қауіпсіздігі бойынша
   Облыс бойынша есепке алынатын 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаты салдарынан 11 адам дене жарақатын алса, өкінішке орай 8 адам көз жұмды.

     Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сыртқы бейнебақылау камераларының рөлі
    Ағымдағы жылдың басынан Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі санаттағы барлығы 60 382 хабарлама келіп түскен, оның ішінде
1 943 факті қылмысқа қатысты.
  Өткен аптада Жедел басқару орталығының сыртқы бейне бақылау камераларының 218 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде: 20 ұсақ бұзақылық, 27 қоғамдық орындарда ішімдік ішу, 165 жолда жүру ережелерін бұзу, 6 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.

    Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан аумағында 3 258 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 1 985 ашылды. Оның ашылу көрсеткіші 60,9% -ті құрады.
- 22 аса ауыр қылмыс 21-і ашылды. Ашылу көрсеткіші 95,5%-ті құрады.
- 601 ауыр қылмыстың 384-і ашылды. Ашылу деңгейі 63,9%-ті құрады. 

БҚО ПД баспасөз қызметі