
Тасқала ауданындағы шаруа қожалығының иесіне 1966 жылы туған аз.А-ға қатысты қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заңсыз қару айналымын бақылауға бағытталған "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО ПД қызметкерлері азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізіп, бірнеше тіркелмеген қару мен оған арналған оқ тәркіледі. Қарудың арасында винчестер, қанжал, "Калашников" автоматынан патрон, мылтықтарды тазалауға арналған жиынтық, кілті бар қаптамадағы кісендер тәркіленді. Сондай-ақ сол жерден діни кітаптар мен дәптерлер табылды.
Сонымен қатар күдіктінің шаруа қожалығын тінту барысында граната, "Макаров" тапаншасына патрондар, 3 дана "Калашников" автоматына д патрондар , "ЛОСЬ-7" маркалы мылтық, қанжар, тағы діни кітаптар табылды. Барлық алынған заттай дәлелдемелерге тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдікті «Ковид 19» және екі жақты пневмония диагнозымен стационарлық емдеуде, болғандықтан ол қамауға алынбады. Бүгінгі таңда бұл іс сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.