Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы

Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы

2021 жыл 28 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы ZOOM онлайн платформасында өткізілді.

Онда мына сұрақтарға басымдылық беріліп, олардың даму жоспары қарастырылды:
Атап айтсақ:
1. Консультативтік-кеңесші органның мүшелеріне және қатысушыларға кеңесші органның жаңа құрамын таныстыру.
​2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуінің басым бағыттары туралы.
3. 2020 жылғы 29 қазандағы Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы, Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғалуын, сондай-ақ оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы.
Кеңес отырысында барлық сұрақтар қаралды, соған сәйкес шешім шығарылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі