БҚО ПД қызметкерлері жазғы киім нысанына көшті

БҚО ПД қызметкерлері жазғы киім нысанына көшті

Жазғы киім нысанына ұйымдасқан түрде көшуді қамтамасыз ету, саптық дағдыны, саптық командаларды орындау кезіндегі үйлесімділікті жетілдіру, сондай-ақ БҚО ПД қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының үлгілі сыртқы келбетін қолдау мақсатында ПД бастығының орынбасары Н.Б. Рамазанов жеке құрамның саптық байқауын өткізді. Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

БҚО ПД баспасөз қызметі