
Кдыров Сағындық Сансызбайұлы 1998 жылы 17 ақпанда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Орал қаласындағы 12 ЖББОМ табалдырығын аттап, 11жылдық білімін алып, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясына оқуға түседі. Қазіргі шақта академияның 4 курс курсанты бола тұра, өзінің еңбек жолы Сырым ауданының полиция бөлімінің ақпараттық аналитикалық тобының инспекторы лауазымынан бастау алды. Жас буын қызметкер Сағындық Сансызбайұлы өзінің полиция қызметкері болу бала күнгі арманы болғанын, полиция қатарына сапқа келгенін мақтанышпен айтады. Өзі қатарлас замандастарын өз елін сүйетін патриот болуға, Отанға адал қызмет етуге, соның ішінде полиция қызметіне еңбек етуге шақырады.
Сырым АПб