Бәйтерек ауданының Приуральный полиция бөлімінде көші-қон қызметі қызметкерлері арасынан арнайы құрылған мобильдік топ жұмыс істейді. Аталған мобильді топты құрудағы мақсат: физикалық жағдайына байланысты өз бетінше осы қызметтерді ала алмайтын қарт адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құжаттарды рәсімдеу бойынша қызметтер көрсету.
Сонымен, 2020 жылдың 17 қарашасында Бәйтерек ауданы Приуральный полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері Макаров ауылдық округіне барып, онда аталған санаттағы азаматтарға құжаттандыру бойынша барлық қажетті қызметтер ді көрсетті.