Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде БҰҰ қарары негізінде жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні деп белгіленген.
Жол-көлік құрбандарын еске алу күні жол-көлік оқиғаларының қауіпіне және жолдарда абай болу қажеттілігіне назар аудару мақсатында бекітілген. Бұл күні жол оқиғаларынан қаза болғандарды еске алумен қатар жол-көлік оқиғаларының салдарымен бетпе-бет келген құтқару қызметтеріне, медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлеріне алғыс айтылады.
Еске алу күні британдық «RoadPeace» қайырымдылық ұйымының бастамасымен 1993 жылы алғаш рет өткізілген. Одан кейін 2005 жылы 26 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жол-көлік құрбандарының бүкіләлемдік күнін белгілейтін қарар қабылдады
Жыл басынан облыс аумағында 247 оқиға тіркеліп, 57 адам көз жұмып, 298 адам әр түрлі дене жарақатын алған.
17 қараша күні «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы аясында БҚО ПД қызмметкерлері «Гаухар жолы», «Жайық таңы» қоғамдық бірлестіктері, Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлерімен бірлесе ЖКО-нан қаза тапқандарды еске алу акциясын ұйымдастырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Акция барысында «Атриум» СҮ-інде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға жаднама тартылды. Сондай-ақ арнайы плакаттармен басты тақырыпта инсталляция жасалған еді.