Өтінішті беру тәртібі

Өтінішті беру тәртібі

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті

1-қадам

Қабылдауға жазылу (таңдап алу керек):

 

  • Полиция департаментінің басқармалары мен бөлімдерінің басшылығы азаматтарды аптаның жұмыс күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
  • Полиция департаментінің басшыларына алдын ала қабылдауға жазылу

     +7 (71-12) 98-42-21 телефоны арқылы жүргізіледі.

E-mail: 

2-қадам

Жазбаша өтінішті қолма-қол тапсыру;

Мекен-жайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

-Талон- хабарлама беріледі.

-Талон нөмірі арқылы тексеруге болады:

Интернет желісінің мекен-жайы: http://service.pravstat.kz

1012 нөміріне SMS хабарлама жіберу арқылы

Стационарлық телефон арқылы 8 800-080-7777 нөмірге

Ұялы телефон арқылы 1414 нөмірге

Ескерту: Көрсетілген қызметтер барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге тұратын SMS-хабарламалардан басқаларында ақысыз жүзеге асырылады.

3-қадам

Электронды  өтініштер

Алу тәртібі

  1. Порталда авторизация жасау қажет.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ болуы міндетті.

Сағат 18:30-дан кейін уәкілетті органға түскен өтініштер жұмыс күнінің аяқталуына байланысты келесі жұмыс күні  сағат 09:00-ден бастап тіркеледі.

Сервистің көмегімен Сізге тізімде берілген мемлекеттік органдарға өтініш жазу және жіберу мүмкіндігі беріледі. Бұл жерде өтініштің жеткізілуіне кепіл алуға, орындалу мәртебесін бақылауға және осы жерде порталда өтінішке жауап алуға болады.

Бұл үшін не істеу керек?

  1. Порталда авторизация жасау.
  2. «Электрондық өтініштер» сервисін таңдау.
  3. Ұсынылған нысанды толтыру. Қажетті тіркемелерді 6 (алты) жеке файлмен (әрқайсысы 10-нан 15 Мб-ға дейін) жалпы өлшемі 60-90 Мб-ға дейін бекітуге болады. "Алушы" өрісінде сізге қажетті мемлекеттік органды таңдап, сіз салымдардың рұқсат етілген көлемін білесіз. Егер сіз электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) орнатылған мемлекеттік органға жіберген жағдайда, әрбір файлдың көлемі 15 Мб дейін (және барлығы тиісінше 90 Мб) рұқсат етіледі.
  4. ҚР ҰКО ЭЦҚ-мен қол қою;
  5. Мемлекеттік органға жіберу.

Құжатты қарастыру кезінде пайдаланушының жеке кабинетіне мынадай хабарлама келеді:

  1. Жеткізілуі туралы хабарлама.
  2. Өтінішті тіркеу, тіркеу күні мен мемлекеттік органда тағайындалған тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама немесе өтінішті тіркеуден бас тарту себебі көрсетілген тіркеуден бас тарту туралы хабарлама.
  3. Орындаушы мен орындау мерзімі көрсетілген орындауға жіберу туралы хабарлама.
  4. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.
  5. Орындаушы, орындау күні мен өтінішті қарастыру нәтижелері туралы хабарлама немесе мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға және өзге органдарға жіберуі туралы ақпарат.

Өтiнiштi қарау мерзiмдерi

  1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекен-жайы бойынша тексеруді талап етпейтін өтініштері он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
  2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге субъектілерден, лауазымды тұлғаларда ақпарат алуды немесе мекен-жайы бойынша тексеруді талап ететін өтініштері субъектіге, лауазымды тұлғаға түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
  3. Қосымша зерделеуді немесе тексеру қажет етілген жағдайда өтінішті қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге соңғы қарастыру мерзімінен кейін үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.